Популярные тэги

Қарашығанақ акционерлері VS қазақ үкіметі: төрелік сот шешім шығарды

Қарашығанақ кен орнын иегеретін акционерлер мен Қазақстан үкіметі арасындағы дауға қатысты шешім шықты.


27/01/2026
10:26 219 0

Сот Қазақстан ұстанымын қолдады

 

Bloomberg агенттігінің жазуынша, Лондондағы халықаралық төрелік сотының шешімі бойынша акционерлер қазақ үкіметіне 4 млрд долларға дейін өтемақы төлеуі мүмкін.

 

Сот Қазақстан үкіметінің ұстанымын қолдады. Астана Қарашығанақ жобасындағы серіктестерін өнімді бөлу туралы келісім бойынша өтемақы төленбейтін шығындардың бір бөлігін заңсыз өтеді деп айыптап отыр.

 

Өтемақының нақты көлемі әзірге анықталған жоқ. Дегенмен мамандар оның көлемі 4 млрд долларға дейін жетуі мүмкін дегенді айтып отыр. Алайда агенттік дереккөзінің айтуынша,  Eni SpА мен Shell Plc бастаған жоба серіктестері сот шешіміне шағым түсіруі мүмкін.

 

Қазақстан үкімет акционерлерден 6 млрд доллар өтемақы талап еткенін ескерсек, мұны ел билігінің ішінара жеңісі деуге болады.

 

Даудың басы

 

Қарашығанақ бойынша сотқа шағым 2023 жылы түскен. Бастапқыда талаптардың сомасы 3,5 миллиард долларды құрады, бірақ артық шығындар мен ықтимал сыбайлас жемқорлық туралы шағымдарға байланысты кейінірек талап етілген сома өсе түсті.2024 жылы халықаралық компаниялар дауды ішкі нарық үшін газ өңдеу зауытын салу арқылы шешуді ұсынды.

 

Қазақстан мен шетелдік мұнай компаниялары арасындағы даудың туғанына талай жылдың жүзі. Қарашығанақтан басқа, мемлекет Қашаған кен орнын әзірлеушілерге 160 млрд доллардан астам сомаға талаптар қойды, сондай-ақ 5 млрд долларға экологиялық айыппұл салды.

 

Айта кетейік, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» консорциумы акционерлерінің құрамында Eni (29,25%), Shell (29,25%), Chevron (18%), «Лукойл» (13,5%) және «ҚазМұнайГаз» (10%) бар.

Поделиться

Нет комментариев.

27/01/2026 10:26
219 0

Уведомление